Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Instagram желісінде заңсыз лотерея ұйымдастырған қазақстандық блогер жазаланды

Жарияланған күні:

Ұялы телефон ұстап тұрған әйел
Ұялы телефон ұстап тұрған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Павлодарлық блогер Instagram желісінде заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін жазаланды. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл ақпарат министрліктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

"Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру жағдайлары жиілеп кетті. Туризм және спорт министрлігіне алданған азаматтардан түсетін шағымдар көбейіп отыр.

Ведомство қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп тұрақты негізде интернет кеңістігіне мониторинг жүргізіп келеді. Нәтижесінде өзінің Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогерге қатысты әкімшілік бұзушылықтар туралы хаттама жасалды", - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған қоса ведомство өкілдері сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы тағы бес хаттама жолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102228-instagram-zhelisinde-zangsyz-lotereia-uiymdastyrgan-qazaqstandyq-bloger-zhazalandy/