Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana әуекомпаниясына қатысты тергеу нәтижелері жарияланды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Марат Омаров ведомствода өткен брифингте Air Astana әуекомпаниясына қатысты жүргізілген тергеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марат Омаров бүгінгі таңда ведомство әуе компанияларына қатысты ешқандай тексеріс жүргізіп жатпағанын айтты.

"Біз былтыр компанияның IPO қарсаңында Air Astana әуе компаниясына қатысты ірі тергеуді аяқтадық... Компания жанармайға қосымша төлемді негізсіз өзгерткен, бұл билет бағасының 6 пайызға өсуіне әкелді. Тиісті шешім қабылданып, айыппұл төленді", - деді спикер.

Оның айтуынша, бұл тексерудің нәтижесі Қазақстан "Ашық аспан" режимінің бесінші дәрежесі бойынша толыққанды жұмыс істеуі туралы құқықтық актіні қабылдады.

Еске салайық, бір жылға жуық уақыт бұрын Air Astana-ға 7 млрд теңге айыппұл салынған болатын. Сот компанияның әуе тасымалы нарығындағы келеңсіздіктерді анықтады, әр әуе билетінен жанармайға қосымша ақы негізсіз өндіріп алынды деп көрсетілген.

Бұған дейін рейсті кешіктіргені үшін компанияға бірнеше рет айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102363-air-astana-auekompaniiasyna-qatysty-tergeu-natizheleri-zhariialandy/