Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бос патрондар атылады": Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Сапта тұрған әскери қызметші
Әскери қызметші. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 2011 жылы Таразда болған оқиға желісі бойынша көркем фильм түсіріліп жатыр. Алматы ПД өкілдері түсірілім жұмыстарына байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

"Алматы полиция департаменті қалада 2011 жылы Тараз қаласында болған оқиғаға қатысты "Капитан Байтасов" көркем фильмі түсіріліп жатқанын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Алматы полиция департаментінде түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.

"Түсірілім кезінде бос патрондар атылып жатқан көріністер болады (16:30-дан 19:30-ға дейін). Осыған байланысты, азаматтарды сабырлылық пен түсіністік танытуларын сұраймыз", - деді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілетін фильмер арасында "Капитан Байтасов толықметражды көркем фильмі бар. Көркем фильмнің қоюшы режиссер — Д. Қамшыбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102498-bos-patrondar-atylady-almaty-politsiiasy-turgyndarga-undeu-zhasady/