Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп әйел алу заңға қайшы": министрлік өкілдері Алматыдағы "тоқал" туралы даулы жарнамаға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Алматыдағы ойын-сауық орталығындағы жарнама
Алматыдағы ойын-сауық орталығындағы жарнама. Фото: t.me/buzyqmedia

Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері Алматыда азаматтардың наразылығын туғызған сауда және ойын-сауық кешеніндегі жарнама туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Біріншіден, көп әйел алу заңға қайшы. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 11-бабына сәйкес, бір некеде тұрған адам басқа адаммен неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) жол берілмейді.

Некесі тіркелмеген әйелдер заңмен қорғалмайды.

Екіншіден, көп әйел алудың әйелдерге, балаларға және қоғамға ауыр зардабы бар. Бұл теңдікті бұзады, денсаулыққа қауіп төндіреді және мүмкіндіктерді шектейді", - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ министрліктегілер қазақстандық қоғамда отбасылық құндылықтарға теріс әсер ететін мұндай құбылыстарға теріс көзқарас қалыптасып жатқанын айтты. Ведомство өкілдерінің сөзінше, біздің азаматтардың "құндылық пакеті" отбасының қауіпсіздігі мен амандығы саналады.

"Әлеуметтік желіні пайдаланушылар, бизнес өкілдері, блогерлер немесе басқа да азаматтар қоғамға таратқан ақпараты үшін жауапкершілікті түсінуі керек. Зерттеулер бойынша ғаламтор пен әлеуметтік желілердің әсерінен туындаған мінез-құлық нормалары қуатты фактор ретінде әрекет етеді. Мұндай контентті көрсету заңды жауапкершілікке әкеледі", - деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102537-kop-aiel-alu-zangga-qaishy-ministrlik-okilderi-almatydagy-toqal-turaly-dauly-zharnamaga-qatysty-pikir-bildirdi/