Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда теократиялық мемлекет құрғысы келген: астаналық сегіз тұрғын терроризм үшін сотталды

Жарияланған күні:

Түрме қоршауы
Түрме қоршауы. Көрнекі фото: piqsels.com

Сот үкімімен астананың 8 тұрғыны террористік қызметпен айналысқаны үшін 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық прокуратура мәліметінше, террористік топтың қатысушылары Сирия аумағына қоныс аударуды және Қазақстанда басқарудың теократиялық жүйесін орнату қажеттілігін талқылаған.

"Бұл топтың жетекшісі Сириядағы соғыс қимылдарын жүргізетін террористік ұйымды қаржыландыруды ұйымдастырған.

Мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсі дәлелденді", - делінген хабарда.

Астана қаласының прокуратурасы исламдағы радикалды идеяларды насихаттайтын интернет-сайттар мен орындарға барудан сақтануға шақырады.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102651-qazaqstanda-teokratiialyq-memleket-qurgysy-kelgen-astanalyq-segiz-turgyn-terrorizm-ushin-sottaldy/