Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақордада Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағы кім үміткер болғанын мәлімдеді (фото)

Жарияланған күні:

Нұрдәулет Қилыбай
Нұрдәулет Қилыбай. Фото: t.me/aqorda_resmi

Бүгін, 17 мамырда Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, мәслихат депутаттарына жаңа облыс әкімін таныстырды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Ақорда ақпараты бойынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Маңғыстау облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысу үшін Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барды.

Кездесу барысында Айбек Дәдебай депутаттарға Маңғыстау облысының әкімі лауазымына Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай мен Ұлықбек Серікұлы Тналиевтің кандидатурасын ұсыну туралы президенттің хатын оқып берді.

"Ашық дауыс беру нәтижесінде 96 депутат Нұрдәулет Қилыбайдың, 17 депутат Ұлықбек Тналиевтің кандидатурасын қолдап, дауыс берген. Жиналысқа жалпы 113 депутат қатысты", - делінген хабарламада.

Айбек Дәдебайдың айтуынша, Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының тумасы және облыста түрлі басшылық қызметтерді атқарған тәжірибелі маман.

"Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өңірге 3,6 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Бұл – жаңа жұмыс орындары мен экономикалық өсім. Алдағы уақытта аталған көрсеткішті еселей түсуіміз керек. Бүгінде облыста Президенттің тапсырмасына сай ондаған жаңа әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 22 мың оқушыға арналған 21 мектептің құрылысы басталып кетті. Бұл – халық саны жағынан өсімі жақсы Маңғыстау облысы үшін аса қажетті шаралар. Өңір басшылығына Президент тарапынан маңызды міндеттер жүктеліп отыр", - деді Президент Әкімшілігінің басшысы.

Сондай-ақ Айбек Дәдебайдың сөзіне сенсек, Маңғыстау облысының әкімдігіне инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, көлік-логистика және туристік әлеуетті барынша дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту, экологиялық мәселелерді шешу, құрылыс саласын ретке келтіру міндеттері жүктеледі.

Кездесу соңында Айбек Дәдебай Нұрдәулет Қилыбайға облыс тұрғындарының игілігі үшін президент жүктеген барлық міндетті орындау жолында табыс тіледі.

Оған қоса Президент Әкімшілігі облыстың бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102663-manggystau-oblysynyng-akimi-auysty/