Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстандағы тәртіпсіздік: Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Бішкекте шетелдіктерге қарсы көшеге шыққан жіггітерді ұсату сәті
Бішкектегі жаппай наразылық. Фото: 24.kg

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері кеше түнде шетелдіктер мен жергілікті тұрғындар арасындағы төбелестен кейін наразылық шеруі өткен Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында шекарадағы жағдай туралы БАҚ-та жалған ақпарат тарағанын хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады" - делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұған қоса ҰҚК баспасөз қызметі Қазақстан – Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

"Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары Бішкек қаласындағы қалыптасып отырған жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Бішкекте шетелдіктердің қатысуымен төбелес шыққан. Оқиға хостелдердің бірінің ауласында болған. Қырғыз БАҚ-ы таратқан хабарламада бірнеше жергілікті тұрғын соққыға жығылғаны айтылған.

Кеше түнде осы жайтқа байланысты қалада шетелдіктерге қарсы стихиялы наразылық басталды. Шетелдіктерден кек алмақ болған жүзден астам жігіт төбелес шыққан хостел маңындағы көшеге жиналды. Тәртіп сақшылары наразылққа шыққандарды таңға жуық таратқан.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі тәртіпсіздік салдарынан 29 адам медициналық көмекке жүгінгенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102846-pakistandyq-studentter-qyrgyzstannan-qazaqstanga-otuge-zhinalyp-zhatyr-uqk-okilderi-zhalgan-aqparat-taraganyn-eskertti/