Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның батысында су алу қаупіне байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Жарияланған күні:

Атырау облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді
Атырау облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді. Фото: Атырау облысының ТЖ жедел штабы

Атырау облысында су алу қаупіне байланысты бірнеше автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, шектеу төмендегі автожолдарға енгізілді:

(1. "Атырау-Орал" автожолының 71-179 шақырымы, Махамбет - Индер елді мекендердің учаскесі (жүк көліктері үшін).

2. "Атырау-Орал" автожолының 179-189 шақырымы, Индер елді мекені - БҚО шекарасы.

БҚО-да Атырау облысында орын алған су тасқынға байланысты жүк көліктерінің қозғалысына келесі жолда шектеу қойылды:

"Атырау-Орал" автожолының 189-492 шақырымы, Орал қ. - Атырау облысы шекарасы учаскесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103104-qazaqstannyng-batysynda-su-alu-qaupine-bailanysty-kolik-qozgalysyna-shekteu-engizildi/