Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тасқынбай деп атаймыз": Құлсары тұрғыны ТЖ кезінде алғашқы сәбиін өмірге әкелді

Жарияланған күні:

Жұлдыз Жандосқызы
Жұлдыз Жандосқызы сәбиімен. Видеодан кадр: Атырау облысының ТЖ жедел штабы

Құлсары тұрғыны Жұлдыз Жандосқызы төтенше жағдай кезінде алғаш рет ана атанды. Жас ана босанғаннан кейін бірден Құлсарыдан эвакуацияланған. Қазіргі уақытта сәби анасымен бірге үйде, деп жазады облыстық жедел штабқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Су тасқыны кезінде жас отбасының үйі зардап шеккен жоқ

"Толғағым қысып Жылыой аудандық ауруханасына сағат 00.00-де түстім, ұлымды 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түні дүниеге әкелдім. Балам үшін аздап қорқынышты болды, бірақ дәрігерлер бәрі жақсы болады деп сендірді. Мен және тағы бір босанған әйел бірнеше сағаттан кейін Бейнеуге көшірілдік" , - деді Жұлдыз Жандосқызы.

Бұл жас ананың алғашқы сәбиі. Атасы мен әжесі оны Бекзат деп атауға шешім қабылдады. Бірақ сәби тасқын кезінде өмірге келгеннен кейін, туыстары оны "Тасқынбай" деп атап кеткен.

"Жылыой аудандық ауруханасының дәрігерлеріне сын сағатта жанымызда болып, ұлым екеумізге күтім көрсеткені үшін алғыс айтамын. Тіпті, Бейнеу қаласына эвакуациялау кезінде де жанымызда бірге болды. Бейнеулік дәрігерлерге, шығарылғанға дейін көмек пен қолдау көрсеткені үшін көп рахмет", - деді жас ана.

Еске сала кетейік, ТЖ кезінде Атырау облысында Құлсары қаласынан перзентханадан 12 әйел эвакуацияланды. Оның ішінде 8 жас босанған ана мен 5 жүкті әйел медициналық ұйымдарға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103161-tasqynbai-dep-ataimyz-qulsary-turgyny-tzh-kezinde-algashqy-sabiin-omirge-akeldi/