Алматылықтар жер сілкінісін сезінді
Жарияланған күні:
Алматы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.
ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 20 мамырда Алматы уақытымен сағат 10:10-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстіке қарай 380 км жерде) орналасқан.
Жер асты дүмпуі Алматы қаласында 2 балл болып сезілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103530-almatylyqtar-zher-silkinisin-sezindi/