Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Читать на русскомШымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов аса ірі көлемде пара алды деген айыппен 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Otyrar.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Мақсұт Исаховтың ісін қараған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, қала әкімінің орынбасары өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі жабу үшін ҰҚКД басшысының бірінші орынбасары Манат Сарбасовқа 200 мың доллар ұсынған.
Барлық айғақты ескере отырып, мемлекеттік айыптаушы Мақсұт Исаховты өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 8,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сонымен қатар, қадағалау органы Исаховты "Құрмет" мемлекеттік орденінен айыруды ұсынды.
Сот үкіміне сәйкес, бұрынғы шенеунік 8,5 жылға соталды. Мақсұт Исахов бұған дейін ауруханаға жатқызылғандықтан сот үкімін онлайн тыңдады.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары 2023 жылдың шілдесінде ұсталған болатын. Ол сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікке ілінді.
Биыл наурызда сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сот процесі басталды. Алғашқы сот отырысында сөйлеген экс-шенеунік эмоциясын ұстай алмай, көзіне жас алды.
Екінші сот отырысында ол ҰҚКД бастығының бұрынғы бірінші орынбасарын кек алды және жеке дұшпандық әрекетін жасады деп айыптады.
Жақында экс-шенеунік денсаулығына байланысты ауруханаға түскен болатын. Ол сот процесіне онлайн түрде қатыса бастады.
Айта кетейік, Мақсұт Исахов 2020 жылдың ақпанынан бері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ол бірнеше сала – көлік және жол құрылысы, туризм, қаланың спорттық өмірі, цифрландыру және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауға жетекшілік етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103569-shymkent-akimining-buryngy-orynbasary-maqsut-isahovqa-sot-ukimi-shyqty/