Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана орталығында жол жөндеуге байланысты бірден төрт автобустың бағыты өзгереді

Жарияланған күні:

Астана
Астана. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астанада Тұран даңғылындағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты төрт автобус бағытының қозғалыс кестесіне өзгеріс енгізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік ұйымы өкілдерінің ақпараты бойынша, Астанада № 26, 27, 40, 42 бағдарларының уақытша қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілді.

CTS ұйымының Instagram-дағы парақшасында жарияланған жол сызбасына сүйенсек, жөндеу жұмыстары "Астана Арена" стадионының жанындағы Тұран даңғылында жүргізілмек. Жол қозғалысы жабылған аумақты Керей-Жәнібек хандар және Қабанбай батыр көшелерінің бойымен айналып өтуге болады.

Осыған байланысты ведомство өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарынан өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103584-astana-ortalygynda-zhol-zhondeuge-bailanysty-birden-tort-avtobustyng-bagyty-ozgeredi/