Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соққыға жығылған тағы бір қазақстандық әйелдің видеосы таралды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оқиға орны
Оқиға болған жер. Видеодан кадр: instagram.com/zhest_kz

Таразда әйелді ұрып-соғу әрекеті көрсетілген видео желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Оқиғаға қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде Тараздағы аулалардың бірінде кешкі уақытта түсірілген видео тарады.

"Оқиға 19 мамырда Таразда болған. Видеода ер адам әйелді аулада ұрып-соғып, күштеп алып кетпек болып, оны көлікке қарай сүйреп жатқаны көрсетілген", - делінген видео сипаттамасында.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік беріп, құқықбұзушылық 19 мамырда емес, одан бұрын болғанын атап өтті.

"2024 жылғы 13 мамырда күдікті Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103821-soqqyga-zhygylgan-tagy-bir-qazaqstandyq-aielding-videosy-taraldy/