Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі: Балаларым тегін ауыстырғысы келеді

Жарияланған күні:

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман. Видеодан скриншот: youtube.com/@Assel_Kozhakova

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман күллі Қазақстанды дүрсілкіндірген жағдайдан кейін балалары тегін ауыстырғысы келетінін айтты. Бұрынғы ұлттық экономика министрі азаматтық некедегі келіншегі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Назым Қаһарман Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Желідегілердің бірі болған оқиғадан кейін "балалар тегін ауыстырғысы келе ме?" деген сауал жолдаған.

Экс-министрдің бұрынғы әйелі бұл сұраққа былай деп жауап берді:

"Әрине, ауыстырғысы келеді. Олардың тегі сын есімге айналып кетті. Негізі Бишімбай атаның өзі өте жақсы кісі болған. Бірақ, өкінішке қарай, Қуандық арғы атасының атын қорлап, масқаралады", - деп жазды Назым Қаһарман.

Назым Қахарманның Stories-i
Назым Қахарманның Stories-i. Скриншот: Instagram/nazymkakharman

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103833-bishimbaevtyng-buryngy-aieli-balalarym-tegin-auystyrgysy-keledi/