Алматыда заңсыз салынып жатқан тағы бір құрылыс нысаны бұзылды
Жарияланған күні:
Алматыда заңсыз салынған құрылыс нысаны бұзылды. Құрылыс Шұғыла шағын ауданында салынып жатқан болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, қалада заңсыз құрылысқа қарсы күрес жалғасып жатыр.
"Бұл жолы ауданы 1350 шаршы метрден асатын Шұғыла шағын ауданында салынып жатқан ғимарат бұзылды. Нысан тиісті құжатсыз салынған.
Меншік иесіне кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілгенімен, оны елемеді. 9 қазанда сот қала құрылысын бақылау басқармасының талабын қанағаттандырды", - делінген хабарда.
Ғимаратты бүгін сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады. Ерболат Досаев құрылыс қызметіне бақылауды күшейту жөніндегі тапсырма берген.
Алматыда бизнес-орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен тұрғын үй кешендерін қосқанда, барлығы 33 заңсыз нысан бұзылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103881-almatyda-zangsyz-salynyp-zhatqan-tagy-bir-qurylys-nysany-buzyldy/