Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда метро жұмысы уақытша тоқтатылды

Жарияланған күні:

Метро қызметкерлері
Метро қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы метросы техникалық ақауларға байланысты уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта мамандар олқылықты жойды, деп хабарлайды Алматы метрополитені баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Райымбек станциясынан Момышұлы станциясына қарай бет алған жолаушылар Мәскеу станциясынан шығарылғаны хабарланды.

Кейін баспасөз қызметі метроның сағат 18:05-те қалпына келтірілгенін хабарлады. Мамандар барлық техникалық ақауды жөндеген.

Алматы метрополитені өкілдерінің сөзінше, пойыздар кесте бойынша жүреді.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін тағы да кешірім сұраймыз", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, Алматы метросы наурыз айында жер сілкінісі кезінде де жұмысын уақытша тоқтатып, кейін жұмысын қайта қалпына келтірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103899-almatyda-metro-zhumysy-uaqytsha-toqtatyldy/