Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Картельдік сөз байласу": Қазақстанда үш фармкомпанияға 342 миллион теңге айыппұл салынды

Жарияланған күні:

Ақша және дәрі
Ақша және дәрі. Көрнекі сурет: Наталья Самбулова/Getty Images

Қазақстанда үш фармкомпанияға айыппұл салынды 342 миллион теңге айыппұл салынды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тергеу жүргізген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында бірнеше фармацевтикалық компанияға қатысты істер сот тәртібімен қаралған.

"Медсервис плюс "КФК" ЖШС, "Ақниет" ЖШС және "Стофарм" ЖШС компаниялары "СК-Фармация" ЖШС жүргізетін дәрілік заттарды тасымалдау және сақтау бойынша қызметтерді сатып алу кезінде картельдік келісімге қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарда.

Сот талқылауы нәтижесінде сөз байласуға қатысқан ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 342 млн.теңгеге айыппұл салынған.

Сот бұл фармацевтикалық компаниялардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу екенін, ойдан шығарылған бәсекелестік туғыза отырып, алдын ала уағдаласқанын және лоттарды өзара бөлгенін растады.

Картельдік келісім – нарықтағы бәсекелестікті шектеуге бағытталған кәсіпорындар арасындағы заңсыз келісім. Әдетте, картельдік келісімнің мүшелері өз пайдасын ұлғайтудың жалпы мақсатын көздей отырып, тауарлар/қызметтерді өндіру немесе сату көлемін азайту, бағаны көтеру, нарықты шарттық бөлу туралы келіседі. Картельдік қастандық заңға қарамай- қайшы әрекет және әкімшілік, қылмыстық жазаларға, сондай-ақ айтарлықтай қаржылық айыппұлдарға әкелуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103962-karteldik-soz-bailasu-qazaqstanda-ush-farmkompaniiaga-342-million-tengge-aiyppul-salyndy/