Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жеткізуші балаларды қолдау орталығына нанды 354 теңгеден сатқан

Жарияланған күні:

Асханадағы бала
Асханадағы бала. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында ӘМАТ-ты жоғары бағамен сатып алу дерегі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство ақпараты бойынша, қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленіп отыр. Жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153 пайыз үстемақымен) жеткізген.

"Ол қарақұмық жармасын – 145 пайыз (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майын - 63 пайыз (600 тг/л алып, 977 тг/л сатқан), қантты – 38 пайыз (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемақымен жеткізген", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ агенттік мәліметіне сүйенсек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға шекті сауда үстемесінің мөлшері 15 пайыздан аспауға тиіс.

Жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету жолымен қайта қаралды.

Сонымен қатар агенттік қабылдаған шешім нәтижесінде өңірдің бірқатар балабақшасы жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104092-almaty-oblysynda-zhetkizushi-balalardy-qoldau-ortalygyna-nandy-354-tenggeden-satqan/