ҰҚК Павлодарда арнайы операция жүргізді (видео)
Жарияланған күні:
11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарынының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетенің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 килодан астам "мефедрон", 2 тонна прекурсор, зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.
"Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 млрд теңге болады, ал көлемі 680 мың дозадан асады.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі", - делінген ведомство хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104155-uqk-pavlodarda-arnaiy-operatsiia-zhurgizdi-video/