Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірің асханада бекер өтіп жатыр": тамылжыта ән салған аспаз жігіт көпшілікті сүйсінтті (видео)

Жарияланған күні:

Аспаз жігіт
Аспаз жігіт. Видеодан кадр: instagram.com/turkestangramm

Әлеуметтік желіде круассан пісіріп жатып ән салған азпаз жігіттің видеосы тарап жатыр. Желі қолданушылары аспаз жігіттің дауысына тәнті болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram-дағы Turkestangramm парақшасында круассан пісіріп жатқан аспаздың қазақстандық әнші Құрмаш Махановтың "Кездесу мен қоштасу" әнін орындаған видеосы жарияланды.

"Асханада күні бекер өтіп жатыр ғой", - деп жазылған видеода.

Желі қолданушылары ер адамның өнеріне сүйсініп, оған жылы лебіздерін білдірді.

"Дауысы керемет", "Тамаша! Бәрі әнші болса, кім аспаз болады? Сүйген кәсібің болса, тастама", - деп ізгі тілектерін білдірді желі пайдаланушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104224-turkistanda-tamylzhyta-an-salgan-aspaz-zhigit-kopshilikti-suisintti-video/