Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында тұрғындармен дауласқан шенеуніктің видеосына әкімдік өкілдері түсінік берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шенеунік
Көрнекі фото: regnum.ru

Желіде бірнеше адамның айғайласып жатқан видеосы тарады. Видеодағы шенеунік Талғар ауданы әкімінің орынбасары екені айтылған. Осы жайтқа Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде жарияланған видео сипаттамасында халықпен кездесуге келген Талғар ауданы әкімінің орынбасары Оразхан Қаспақбаев "бос уәдеден шаршаған" тұрғындардың бірін балағаттап, жанжалдан кейін жиналыстан кетіп қалғаны айтылған.

Видеодан бірнеше адамның айғайласып жатқанын көруге болады, алайда нақты қай адам балағат сөз айтқанын ажырату қиын.

Желі қолданушылары бұл видеоны қызу талқылады.

"Мемлекеттік қызметшінің бетпердесі шешілді", "Көңілді өмір сүреді", "Шаршаған тұрғындікі де дұрыс болмады", - деп пікір білдірген желі қолданушылары.

Жиналыста не жағдай болғанын Алматы облысының әкімдігі түсіндірді. Әкімдік түсініктемесінде бұл кездесу Талғар ауданы әкімдігінің бастамасымен 16 мамырда өткені айтылған.

"Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары Қаспақбаев Оразхан Өмірханұлы балағат сөздер айтты деген мәлімдеме шындыққа жанаспайды.

Бұл хабар шенеуніктің беделін түсіру мақсатында таратылып отыр. Ақпаратты растайтын фактілер жоқ. Тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырамыз", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Талғар ауданы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Оразхан Қаспақбаев 1974 жылы 10 тамызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандықтары: ауыл шаруашылығы өндірінісің экономист-ұйымдастырушысы, заңгер.

Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, экономикалық тергеу қызметінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызмет еткен.

2021 жылдың қарашасында Талғар ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104227-sheneunikke-qatysty-dau-tudyrgan-videoga-almaty-oblysynyng-akimdigi-tusinikteme-berdi/