Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде балабақшаларда 30 млн теңге жымқырылған

Жарияланған күні:

Балабақшадағы бала
Балабақша тәрбиеленушісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңаөзен прокуратурасы сараптама қорытындысы бойынша екі мемлекеттік балабақшада бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады. Ірі сомадағы қаражатты бухгалтер жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысы прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство ақпараты бойынша, Жаңаөзен прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесіне сәйкес, Жаңаөзен қаласындағы екі мемлекеттік балабақшаның бухгалтері бюджет қаражатын жымқырғанын анықтаған.

"Бухгалтер өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 млн теңгені заңсыз аударғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қала прокуратурасы қылмыстық істі тіркеді. Жаңаөзен қалалық сотының 15 наурыздағы үкімімен бухгалтер Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ол 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ бұл кодекстің 63-бабына сәйкес, бухгалтер кесілген жаза шартты деп саналды.

Жымқырылған 30 млн теңге толық мемлекетке қайтарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104242-zhangaozende-balabaqshalarda-30-mln-tengge-zhymqyrylgan/