Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уақыты мен орнын талапкер таңдайды": Қазақстанда ҰБТ-ға өзгеріс енгізіледі

Жарияланған күні:

Саясат Нұрбек фото
Саясат Нұрбек: Фото: Видеодан скрин

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ҰБТ форматы біртіндеп өзгеріп, жоғары оқу орындарына қабылдау үшін SAT стандартталған тест форматына көшетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, тест форматы қалады.

"Тест қалады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жоғары оқу орындары үшін қандай да бір координаттар жүйесі қажет, бірақ тестті ұйымдастырудың мазмұны мен тәсілі түбегейлі қайта қаралады. Енді ол жеке болады, талапкер өз форматында ыңғайлы режимде тест тапсырады", - деді министр.

ҰБТ-да не өзгереді?

Саясат Нұрбектің сөзінше, 2021 жылдан бастап Қазақстанда ҰБТ форматын қайта құру және тест сұрақтарын түбегейлі қайта өңдеу жобасы іске қосылды. Мұны Франция мен Финляндиядан келген тестологтар жасайды.

"Оқытылған тестологтар тобы SAT форматына жақын жаңа әдістеме бойынша сұрақтар дайындай бастайды, бұл – халықаралық танылған тест. Біз базаны құрған кезде, жаңа ҰБТ форматын басқара алатындай етіп кем дегенде 50 мың сұрақ әзірлеуіміз керек. Біртіндеп өзгереді, форматтың бірден өзгеруі үлкен проблемаға алып келетіндіктен, бұған жоғары сынып оқушыларын дайындау керек", - деді министр.

Енді үміткер сайтта тіркеліп, тест тапсырады, содан кейін университетке түсу туралы сертификат алады.

"Бірте-бірте біз SAT халықаралық стандартына көшеміз: әрбір талапкер тестілеу орнын, уақытын таңдайды, дайындалады, тест тапсырады, сертификат алады, оқуға түседі", - деді Саясат Нұрбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104332-uaqyty-men-ornyn-talapker-tangdaidy-qazaqstanda-ubt-ga-ozgeris-engiziledi/