"Басқа да жауапкершілікті білуі керек": ІІМ өкілдері жол қозғалысы ережесін бұзғандарға айыппұл неге үлкен екенін түсіндірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев Қазақстанда жол ережесін бұзғаны үшін неліктен жоғары айыппұл салынатыны туралы айтты – мәжіліс депутаттары осы сынды сауалдар қойған болтын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Иә, барлық айыппұл жол ережесін өрескел бұзғандарға қатысты. Ал заңға бағынатын азамат ешқандай айыппұл төлемейді.
2024 жылғы 4 айда жол апатынан 500-ден астам адам қаза тапты. Осындай жүргізушілерімізді қалай тоқтата аламыз? Астанада жүргізушілердің сағатына 200 км дейін жылдамдықпен келе жатқаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Мұндай жүргізушілер жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуі керек. "Төлеп кеттім, болды" деп емес, басқа да жауапкершілікті түсінуі керек", - деді комитет басшысы Қайсар Сұлтанбаев.
Айта кетейік, Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне енгізілген өзгерістер 2024 жылғы 6 мамырынан бастап күшіне енді. Бұған дейін жол қозғалысы ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104440-basqa-da-zhauapkershilikti-bilui-kerek-iim-okilderi-zhol-qozgalysy-erezhesin-buzgandarga-aiyppul-nege-ulken-ekenin-tusindirdi/