"Үлкен шығыннан емес, аз табыстан қорқу керек": министр қазақстандықтарға кеңес берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомСауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев министрлер кабинетінде өткен брифингте азық-түлік бағасы, бағаны тұрақтандыру туралы ойын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Журналистер Қазақстандағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін үкімет не істеп жатқанын сұрады.
Сауда министрі Арман Шаққалиев бұл сұраққа былай деп жауап берді:
"Үлкен шығыннан емес, аз табыстан қорқу керек" деген жақсы сөз бар. Бірдеңе жасап шығару үшін, көбірек табыс табу керек. Халық тұтынатын азық-түлікке келер болсақ, баға құбылмалы".
Ол бір жарым жылдан кейін не болатынын да айта алмайтынын мәлімдеді.
"Қарап отырсаңыз, адам өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алады. Түрлі қоржындар бар, әртүрлі есептеулер бар. Бұл жерде нақты мәселе кіріс бөлігін арттыру үшін өндіріс көлемін арттыру керек", - деді сауда министрлігінің басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін сәуірде Сауда және интеграция министрлігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда бағаның өскен жағдайларын жариялаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104479-ulken-shygynnan-emes-az-tabystan-qorqu-kerek-shaqqaliev-qazaqstandyqtarga-kenges-berdi/