Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Жарияланған күні:

Күдікті әйел
Күдікті әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көкшетауда Chia Tai Tianging қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, азаматша Н. жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында Chia Tai Tianging қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды.

Осылайша ол салымшылардың 291 миллион теңгеден астам сомасындағы қаражатын қаржы пирамидасына тартқан, олар криптовалютаға аударылған және "Платформа CP Group" платформасына есептелген.

Сот үкімімен азаматша Н. кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

"Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және қаскүнемдердің айласына түспеуге шақырады!

"Baiqa, piramida!" ботының жеделхаттары арқылы компанияны қаржылық пирамида белгілеріне тексеруге болады", - дейді Ақмола облысының прокуратурасы өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104626-kokshetauda-qarzhy-piramidasynyng-zhetekshisi-sottaldy/