Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдан Шығыс Қазақстанға келіп жатқан су шекті деңгейден асып кетті

Жарияланған күні:

Су тасқыны
Су тасқыны. Фото: I just try to tell my emotions/Getty Images

Қытайдан Шығыс Қазақстанға келіп жатқан су деңгейі шекті деңгейден асты. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтыны сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Нанвань гидробекет аймағында 21 мамырда сағат 08:00-де су шығыны 1960 м3/с болды.

Боран ауылы – Қара Ертіс өзені гидрологиялық бекетінде су шығыны 21 мамыр сағат 08:00-де 1640 м3/с болды, су деңгейі – 534 см, шекті деңгей – 525 см, ce шекті деңгейден 9 см асқан", - делінген синоптиктер болжамында.

Синоптиктер Қара Ертіс өзені гидрологиялық бекетінде су деңгейі одан ары көтеріледі деп болжап отыр.

Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендердегі су тасқыны мен мұз құбылыстары сияқты табиғи апаттар жағдайында тараптарды ақпаратпен шұғыл хабарлау тәртібіне сәйкес деректер алмасады. Қытайдан Қара Ертіс өзені туралы деректер 14 мамырдан бері келіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104677-qytaidan-shygys-qazaqstanga-kelip-zhatqan-su-denggeii-shekti-denggeiden-asty/