Патруль көлігіне соғылған: Қостанайда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған адамға қатысты жаза қатаңдатылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомТакси жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған Рудный тұрғынының жазасы шартты жазадан нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қостанайда пышақпен шабуылдаған жолаушыдан қорғанам деп такси жүргізушісі полицияның патрульдік көлігін соқты.
Жергілікті басылым мәліметінше, жолаушы жалғыз өзі сал ауруына шалдыққан 11 жасар ұлын тәрбиелеген. Оған шартты түрде 3,5 жылға бас бостандығынан айыру, пробациялық бақылау белгіленді.
Алайда Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін шартты бас бостандығынан айырудан нақтыға ауыстырды.
Айыпталушы Арман Тұртаев сот залында қамауға алынып, жазасын 3 жыл 6 ай бойы орташа режимдегі колонияда өтейтіні хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104830-patrul-koligine-sogylgan-qostanaida-taksi-zhurgizushisine-shabuyl-zhasagan-adamga-qatysty-zhaza-qatangdatyldy/