БҚО-да төртінші перзентін босануға барған әйел қайтыс болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБатыс Қазақстан облысының тұрғыны босану кезінде Жаңақала ауданының орталық ауруханасында қайтыс болды, нәресте де шетінеп кетті. Қайғылы оқиға 15 мамырда болған, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
Басылым мәліметінше, Индира Тәкесова – үш баланың анасы, 36 жаста болған. Әйелдің күйеуі болған жағдайды айтып берді.
"Сол күні Индира өзі көлікпен ауруханаға барды, бәрі жақсы болды. Ол ештеңеге шағымданбады, үш баласын да өзі туған. Бұл жолы оған қалаға барып үлгермейтіні және аудандық ауруханада босанатыны айтылған. Бірақ ол қандай да бір себептермен дәрігерлер кесарь тілігімен босандыру туралы шешім шығарған. Ол жерден тірі шықпады, бала да шетінеп кетті", - деді ер адам.
Марқұмның жұбайының сөзінше, отбасы өмірге қыз келеді деп күткен, өйткені үш үлкені — ұл балалар. Олардың үлкені 11 жаста, кішісі небәрі бесте.
"Мен балаларға не болғанын айттым, бірақ ең кішісі әлі күнге дейін анасын сағынып, оның қашан келетінін сұрайды", - деді балалардың әкесі.
Әйелдің туыстары әзірге өлім себебін білмей отыр. Алайда марқұмның күйеуі әйелінің өліміне адами фактор себеп болғанына сенімді және әділдікке жетіп, кінәлілерді жазалауға керек дейді. Ол полицияға арыз жазған.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті жүкті әйелдің өлімін растады.
"Жаңақала аудандық полиция бөлімі бұл факт бойынша тергеу жүргізіп, сараптама тағайындады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қазір тергеу басталғанын хабарлады. Олар бір айдың ішінде дайын болатын сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін жағдайға қатысты пікір білдіретінін мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104893-bqo-da-tortinshi-perzentin-bosanuga-bargan-aiel-qaitys-boldy/