Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда вандализм үшін жаза күшейтілуі мүмкін

Жарияланған күні:

Вандализм
Вандализм. Көрнекі фото: pexels.com

Мәжіліс отырысында депутаттар вандализм үшін жауапкершілікті күшейтетін нормалар әзірледі. Енді жаңа заң бойынша вандализм үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту жазасы көзделген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" жаңа заң аясында депутаттар екінші оқылымда вандализм үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша нормалар әзірледі.

Мемлекет басшысы "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында вандализмнің салдарын алға тартып, онымен күресу қажет екенін айтқан болатын.

"Қылмыстық кодекстің 203-бабы "Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру" алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, бірнеше рет жасаған адамдар тобы арнайы нормаларымен толықтырылатын болады.

"Вандализм" 294-бап бойынша бұзушылық аясында 100 АЕК-тен (бұрын 50 АЕК) 200 АЕК-ке (бұрын 160 АЕК-ке) дейінгі айыппұл түріндегі жаза немесе сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына не жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу (бұрын 40 тәулік) жазасы қолданылады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бұл баптың 2-бөлігі "әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәжі бойынша, адамдар тобымен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, пайдакүнемдiк ниетпен бiрнеше рет жасалған" деген нормамен толықтырылады.

Аталған заң бұзушылықты жасағаны үшін 500-ден 200 000 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе түзеу жұмыстарына тарту, 300 сағаттан 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104986-qazaqstanda-vandalizm-ushin-zhaza-kusheitilui-mumkin/