Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желі арқылы сексуалдық қызметтерді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Жарияланған күні:

Ноутбук алдында отырған адам
Ноутбук алдында отырған адам. Фото: pixabay.com

Мәжіліс "Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заң мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Заң аясында желі арқылы сексуалдық қызметтерді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжіліске сілтеме жасап.

Заңға жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен телекоммуникация және Интернет желісі арқылы көрсету енгізілген.

"Жезөкшелік" анықтамасының ұсынылып отырған редакциясы жезөкшеліктің мұндай түрлерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарды оған заңсыз тартумен айналысатындарды және болашақта ұйымдастырушыларды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 134, 308, 309, 450 баптары бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Келесі кезекте заң сенатқа жіберіледі, қабылданса, оған президент қол қояды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104995-zheli-arqyly-seksualdyq-qyzmetterdi-uiymdastyrgany-ushin-qylmystyq-zhauapkershilik-engizilui-mumkin/