Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда кейбір автобустардың бағыты өзгерді

Жарияланған күні:

Автобус
Автобус. Көрнекі фото: Freepik/Freepik

Павлодарда 22, 23 және 24 мамырда асфальт төсеу жұмыстарына байланысты кейбір автобус бағыттарының схемаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Павлодар әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік ақпараты бойынша, 22, 23 және 24 мамырда асфальт төсеу жұмыстарына байланысты сағат 07:00-ден 20.00-ге дейін Естай көшесінің (солтүстік жағы) Малайсары батыр көшесінен Катаев көшесіне дейінгі жол учаскесі жабылады.

Алайда Естай-Катаев және Естай-Малайсары батыр көшелерінің қиылыстары жабылмайды.

"№3, 41, 52, 57 автобус маршруттары шығыстан батысқақарай келе жатқан кезде Малайсары батыр көшесімен туражүреді, содан кейін Катаев көшесіне солға бұрылады, соданкейін Естай көшесіне оңға және одан әрі маршрут бойыншашығады.

№41, 52 автобус маршруттары шығыстан батысқа қарай тікелей Малайсары батыр көшесімен жүреді, содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына оңға және одан әрі маршрут бойынша шығады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105007-pavlodarda-keibir-avtobustardyng-bagyty-ozgerdi/