"100 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін": ІІМ вице-министрі Қазақстандағы бала саудасы туралы айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін мәжіліс кулуарында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің саудасы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Марат Қожаев былтыр Қазақстанда адам саудасының 19 дерегі тіркелгенін айтты.
"Бұл бойынша қаралған істердің жартысынан көбі аяқталды. Қазірдің өзінде жаңа туған нәрестелерді саудалағаны үшін шамамен 16-17 адам жауапқа тартылды. Биыл бізде жаңа туған нәрестелерді сатудың үш дерегі тіркелді. Бұлардың бәрі біздің ел ішінде болған жайттар. Балалар 100 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі сомада саудаланған", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105031-100-myng-tenggeden-2-mln-tenggege-deiin-iim-vitse-ministri-qazaqstandagy-bala-saudasy-turaly-aitty/