Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді Қазақстанда 23 жастан асқандар автобус пен троллейбус жүргізе алады

Жарияланған күні:

автобустар
Қоғамдық көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс депутаттары автобус және троллейбус жүргізушісі болып жұмыс істейтіндердің жас шегін төмендетуді қарастыратын түзетулерге дауыс берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" және "Жол жүрісі туралы" заңдарына енгізілген өзгерістер автобус және троллейбус жүргізушілерінің жасын 23 жасқа дейін төмендетіп, оларға кемінде 3 жыл жұмыс өтілін белгілеуді көздейді.

"D1" санатындағы жүргізушілер үшін жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуы керек.

Айта кетейік, қазіргі заң талабы бойынша автобус және троллейбус жүргізушілерінің жасы 25 жаста, жұмыс өтілі 5 жыл болуы керек.

Енді мәжіліс мақұлдаған түзетулер сенатқа жіберіледі, онда да талқылау және дауыс беру рәсімдері жүргізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев қоғамдық көлік жүргізушілерінің жас көрсеткіші 23 жасқа дейін төмендетіліп, D1 санаты үшін жүргізуші өтіліне қойылатын талап 3 жылдан 1 жылға дейін қысқаратынын айтқан.

"Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, 2014 жылға дейін D санаты бойынша 3 жыл көлемінде 84 мың адам оқыған. Талаптар қатаңдатылғаннан кейін автобус жүргізушісі біліктілігі бойынша оқитындардың саны 4 мың адамға дейін қысқартылған. Бұл өте аз. Осы көрсеткіштерді көрсеткен кезде халық қалаулылары да түсіністік танытып, қолдау көрсетті", - деген еді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105157-endi-qazaqstanda-23-zhastan-asqandar-avtobus-pen-trolleibus-zhurgize-alady/