Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кейбір қазақстандықтың соттылығы жойылуы мүмкін

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рolisia.kz

Мәжіліс ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабын қылмыссыздандыруды ұсынатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мұндай норма "Экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы" заң жобасында қарастырылған.

"Қылмыстық кодекстің екі бабы толығымен қылмыссыздандырылады. Атап айтқанда, 219-бап – кредитті заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану, 241-бап – бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзу", - деді Абзал Құспан.

Сондай-ақ заң жобасында екі бапты ішінара қылмыссыздандыру ұсынылып отыр. Олар Қылмыстық кодекстің 234-бабы (Экономикалық контрабанда) және Қылмыстық кодекстің 236-бабы (Кедендік баждарды, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару).

"Бүгінгі күні кәсіпкерлер осы баптар бойынша жауапқа тартылса, заң қабылданса, іс тоқтатылады, ал бұрын сотталған кәсіпкерлер болса, олардың соттылығы жойылады", - деді мәжіліс депутаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105247-keibir-qazaqstandyqtyng-sottylygy-zhoiyluy-mumkin/