Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда бөгет жарылды: бұл жайт Қазақстанға қауіп төндіре ме

Жарияланған күні:

Су бөгеті
Су бөгеті. Көрнекі фото: pixabay.com

Мамандар Қытайдағы бөгеттің бұзылуына байланысты Өскемен су қоймасынан су жіберуді арттырды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытайда бөгет бұзылғаны туралы ақпаратты растады.

Министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиеваның айтуынша, біздің мамандар қытайлық әріптестерімен тұрақты байланыста.

"Қытай тарабы бізге трансшекаралық өзендердің бойынан шығыны 1400 м³/с су ағып жатқаны туралы хабарлады. Ағынның жетуін ескере отырып, "Боран ауылы – Қара Ертіс өзені" гидрологиялық бекетінде су деңгейі көтерілуі күтіліп отыр.

Осыған байланысты "Қазсушар" РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мамандарының жұмысы күшейтілген режимге көшірілді. Өскемен су қоймасындағы төгінді 500 м³/с-тан 800 м³/с-қа дейін артты", - деді Әбдуалиева.

Ведомство өкілі бұл жағдай Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің бақылауында екенін айтты. Министр Ертең Шығыс Қазақстан облысына барады деп жоспарланып отыр. Бүгін өңірде вице-министр Нұрлан Алдамжаров жүр.

Айта кетейік, кеше, 21 мамырда "Қазгидромет" РМК мамандары Қытайдан Шығыс Қазақстанға келіп жатқан су деңгейі шекті деңгейден асып кеткенін хабарлаған еді.

"Нанвань гидробекет аймағында 21 мамырда сағат 08:00-де су шығыны 1960 м3/с болды.

Боран ауылы – Қара Ертіс өзені гидрологиялық бекетінде су шығыны 21 мамыр сағат 08:00-де 1640 м3/с болды, су деңгейі – 534 см, шекті деңгей – 525 см, ce шекті деңгейден 9 см асқан", - делінген синоптиктер болжамында.

Синоптиктер Қара Ертіс өзені гидрологиялық бекетінде су деңгейі одан ары көтерілетінін болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105256-qytaida-boget-zharyldy-bul-zhait-qazaqstanga-qauip-tondire-me/