Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайталамауға уәде беремін": Павлодарда тиктокер ұсталды

Жарияланған күні:

Ұсталған тиктокер
Ұсталған тиктокер. Фото: Павлодар облыстық ПД

Павлодарда полиция жол жүру ережелерін бұзған тиктокерді жазалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Telegram-дағы "Керек PV" арнасында әлеуметтік желіні бақылау кезінде видео жарияланғаны анықталған, онда Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Павлодар қаласының орталық көшесіндегі жол ережесін әдейі бұзған. Бұл видео бойынша тексеру жүргізілген. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәртіп бұзушыны анықтап, ұстаған.

"Жақында әлеуметтік желілерде мен жол ережесін бұзған видео жарияланды, ол үшін кешірім сұраймын, бұдан былай қайталамауға міндеттенемін және басқа азаматтарды жол ережесін бұзбауға шақырамын", - деді тиктокер.

Жүргізушіге қатысты нөмірсіз автокөлікті жүргізу, реңкті жасау, оптика қолдану (конверсиялау), тәуліктің қараңғы уақытында қысқа жарықсыз жүру және арнайы жарық сигналдарын қолданбағаны үшін бес әкімшілік материал толтырылды. Құқықбұзушыға жаза шарасын сот анықтайды.

"Полиция жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылады", - деді Павлодар қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105271-qaitalamauga-uade-beremin-pavlodarda-tiktoker-ustaldy/