Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы жол учаскесі қайта жабылмақ

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада 24 мамырға дейін Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты толық жабылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Астанада Қабанбай батыр даңғылы бойындағы Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі аралықтағы дөңгелек алаңдағы көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жөндеу жұмыстарына байланысты 22-24 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылы бойынша Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі жол учаскесі толық жабылады", - делінген хабарламада.

Бұл ретте ведомство баспасөз қызметінің дерегінше, Сығанақ көшесі ашық болады.

Әкімдікте елорда тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарап, аталған шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105391-astanada-qabanbai-batyr-danggylyndagy-zhol-uchaskesi-qaita-zhabylmaq/