Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында бөгет бұзылды: 200-дей адам эвакуацияланды

Жарияланған күні:

Бұзылған бөгетті қалпына келтіру жұмыстары
Бұзылған бөгетті қалпына келтіру жұмыстары. Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау облысындағы Махамбет ауданы Жалғансай ауылында жақын тұрғызылған бөгет 23 мамырға қараған түні бұзылды. Кейінгі мәлімет бойынша 200-дей адам эвакуацияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел штаб мәліметі бойынша сағат 01.20-да ескерту сирена қосылды. Ауыл тұрғындарын мектеп ғимаратына, сондай-ақ аудан орталығына эвакуациялау басталды.

Жағдайды тұрақтандыру үшін аудан орталығынан қосымша күштер тартылды. Қазіргі уақытта қауіпті жою үшін 15 техника мен ҚМ жеке құрамының 50 сарбазы жұмылдырылды. Төтенше жағдай орнында облыс әкімі барды.

Айта кетейік, Жалғансай ауылы Махамбет ауылының аудан орталығынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалғансай ауылының халқы – 1286 адам. Үйлердің саны – 237.

Атырау облысы Жалғансай ауылын су басу қаупіне байланысты халықты Махамбет ауылына алдын ала эвакуациялау жүргізілген.

Дүйсенғали Төленов атындағы жалпы білім беру орта мектебіне жалпы 200-ге жуық адам орналасты.

Штаб мәліметінше, сағат 3.00-де Жалғансай ауылында жарылған бөгет бекітілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105472-atyrauda-oblysynda-boget-buzyldy-200-dei-adam-evakutsiialandy/