Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузиядан ұшып келген ұшақ Ақтауға қона алмады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pexels.com

Грузияның Кутаиси қаласынан ұшып келген FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Маңғыстау облысының орталығына қона алмаған. Ұшақ Атырауға шұғыл қонды, деп хабарлайды Lada.kz басылымы.

Басылым мәліметінше, FlyArystan компаниясының №7606 Кутаиси-Ақтау рейсі 22 мамырда сағат 16:15-ке жоспарланған Ақтау әуежайына қона алмаған.

Әуежай бұл ақпаратты растап, бұған қатты жел себеп болғанын хабарлады. Салдарынан ұшақ Атырау әуежайына шұғыл қонды.

Ұшақ бүгін таңертең Атыраудан Ақтауға келуі керек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Лондоннан Сингапурға ұшып шыққан ұшақ қатты турбуленттілік аймағына тап болғаны хабарланған болатын. Салдарынан рейстің бір жолаушысы қаза тауып, тағы бірнеше ондаған адам жарақат алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105487-gruziiadan-ushyp-kelgen-ushaq-aqtauga-qona-almady/