Алматы облысында Талғар өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, жолды шайып кетті
Жарияланған күні:
Алматы облысы Талғар өзеніндегі су деңгейінің көбейуіне байланысты Ават ауылдық округінің аумағындағы өзеннің сол жағалауында орналасқан баламалы жолды шайып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ аудан әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Талғар өзеніндегі су деңгейінің көбеюіне байланысты Ават ауылдық округінің аумағындағы өзеннің сол жағалауында орналасқан баламалы жолды шайып кетті, су ағынының ұлғаюы нәтижесінде жақын маңдағы карьерлерді су басу қаупі туындады", - делінген хабарламада.
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділовтың тапсырмасы бойынша Ават ауылдық округінің әкімі Момунжан Исламовтың ұйымдастыруымен су басу болдырмау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізілді.
Жұмыс барысында "АКНМ" ЖШС, "АсфальтоБетон" ЖШС, "ДСУ-13" АҚ "Хан Элит Строй" ЖШС мекемелерінен 12 адам және 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өзен арнасын тереңдету және нығайту жұмыстары жалғасуда.
Ават ауылдық округі әкімінің аппаратымен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105514-almaty-oblysynda-talgar-ozenindegi-su-denggeii-kurt-koterilip-zholdy-shaiyp-ketti/