Астанада көшенің ортасында "қоян" деп айғайлаған ер адам жауапқа тартылды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстанада полицейлер Жағалау ауданында көліктердің жүруіне кедергі келтіріп, "қоянды" шақырған ер адамды ұстады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы Astanovka98 арнасының ақпараты бойынша, Астанадағы Жағалау ауданында тұрғын түнде жол бойына шығып, көліктердің қозғалысына кедергі жасаған. Видео 21 мамырда жарияланған. Видеодан ер адам жол бойында тұрып, көліктер өтіп бара жатқан кезде айғайлап, белгісіз "қоянды" шақырып жатқанын көруге болады.
Кейін оқиға орнына полиция келген. Құқық қорғау органдарының өкілдері көліктен түсіп, ер адамға жақындаған, алайда ер адам полицейлерге қарсылық көрсетпек болған.
Астана полиция департаменті бұл фактіге қатысты пікір білдірді.
"Құқықбұзушы түнгі уақытта шу көтеріп, елдің мазасын алғаны әрі жаяу жүргіншілер жол ережесін бұзғаны үшін ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105544-astanada-koshening-ortasynda-qoian-dep-aiqailagan-er-adam-zhauapqa-tartyldy-video/