Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрын ауыр қылмыс үшін сотталған": ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен ер адамды ұстады

Жарияланған күні:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылғы 22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.

Ол терроризмді насихаттады деп күдікке ілінді.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған.

ҰҚК мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105565-uqk-buryn-auyr-qylmysy-ushin-sottalgan-qazaqstandyqty-ustady/