Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Депутаттар халықаралық террористік ұйымға ақша аударған": Рудный әкімі мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Аким Рудного
Виктор Ионенко. Фото: gov.kz

Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко мессенджерлердің бірінде оның атынан жалған хат-хабар пайда болғанын мәлім етті. Ол азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Whatsapp мессенджерінде, екі контактінің арасында депутаттардың "Ирак және Левант ислам мемлекеті" халықаралық террористік ұйымына ақша аударып жатқанына" (ИЛИМ) байланысты хат алмасуының скриншоты таратылуда. Хатта алда текcеріс болатыны туралы да айтылған", - деді әкім желідегі парақшасында.

Рудный әкімі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Менің жеке деректерімді пайдаланып отырған бір контакт: тегі, аты, әкесінің аты және менде тіркелмеген, мен пайдаланбайтын ұялы телефон нөмірі көрсетілген фотосурет, екіншісі - белгісіз телефон нөмірі.

Бұл ақпараттар шындыққа жанаспайды және жалған болып табылады, жалған ақпаратқа сенбеуіңізді сұраймыз", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105595-deputattar-halyqaralyq-terroristik-uiymyna-aqsha-audargan-rudnyi-akimi-malimdeme-zhasady/