Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оксфорд университетінде лекция оқыған тұңғыш қазақ ғалымы туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Темірғали Көкетаев
Темірғали Көкетаев. Видеодан кадр: instagram.com/qazaqstantv

Атақты Оксфорд университетінде лекция оқыған тұңғыш ғалым Темірғали Көкетаев – физика-математика ғылымдарының докторы. "Бұл – менің еңбек жолымдағы ең үлкен жетістігім" деген ол "Таңшолпан" бағдарламасына сұқбат берді.

Алматы қаласындағы 206 мектеп-гимназиясында физика-математика ғылымдарының докторы Темірғали Көкетаев атындағы оқу кабинеті ашылды.

Аталған оқу орнына Темірғали Көкетаев арнайы келіп, мектеп ұжымымен кездесіп, оқушыларға дәріс оқыды.

Ғасыр адамы атанған Темірғали Көкетаев 2006 жылы Оксфорд университетіне арнайы шақыртумен барып, Франция, Германия, Жапония елдерінің профессорлары алдында лекция оқыған. "Бұл менің еңбек жолымдағы ең үлкен жетістігім", - дейді қазақтың көрнекті физигі.

"Қарапайым адаммын. Кез келген адам ғылыммен айналысып, жетістікке жете алады. Мен 70-тей ғалымның алдында ашқан жаңалығым туралы лекция оқыдым.

Бес күн, бес рет лекция оқыдым. Синхронды аударма жасап отырған болатын. Оған арнайы дайындалдық. Лекция 1 сағат 50 минуттан болды. Атақты оқу орнында жаңалығым туралы айту деген үлкен абырой еді", - деді ғалым сұқбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105655-oksford-universitetinde-lektsiia-oqygan-tunggysh-qazaq-galymy-turaly-ne-bilemiz/