Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісуда балалар күні қарсаңында тазалық акциясы ұйымдастырылды

Жарияланған күні:

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы Жетісу облысында жалғасып жатыр. Игі үрдіске айналған тазалық шараларын өңір жастары жұмылып атқаруда.

Бүгін Талдықорған қаласының 100-ге жуық еріктісі, студенттер мен "Жетісу жастары" орталығының қызметкерлері қала көшелерін тұрмыстық қоқыс пен бос бөтелкелерден тазартты.

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Тазалық акциясы барысында жиналған қоқыстар қайта өңдеу орталықтарына жіберілетін болады. Жастардың жоспарына сәйкес, қайта өңдеуден түскен қаражат 1 маусым – Балалар күні мерекесіне орай, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлауға жұмсалатын болады.

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

"Таза Қазақстан" акциясы
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105688-zhetisuda-balalar-kuni-qarsangynda-tazalyq-aktsiiasy-uiymdastyryldy/