Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлігін тұраққа дұрыс қоймайтындар жаппай жазаланып жатыр (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Полицейлер
Полицейлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда полицейлер көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған жүргізушілерді жазалай бастады. Бас-аяғы10 мыңға жуық тұрғын жазаға тартылған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның ақпараттық медиа-порталында жариялаған ақпарат бойынша, Алматыда көліктерді тұраққа қою ережелерін бұзу деректерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Полицейлер эвакуаторлармен заңсыз қойылған көлікті мамандандырылған айыппұл тұрағына алып кетеді.

"Жыл басынан бері автотұрақ ережесін бұзған 9 963 адам жауапқа тартылды. "Аялдауға тыйым салынады" және "Тұраққа қоюға тыйым салынады" белгілерімен белгіленбеген орындарға көлік қоятын жүргізушілерді анықтау мақсатында жергілікті жерлерде тұрақты түрде іс-шара жүргізілуде.

Сонымен қатар алдыңғы шептегі бөлімшелердің қызметкерлері автобустардың жүруін қиындатып, кептеліске әкеп соқтыратын көліктерді қоғамдық көлік аялдамаларында тұраққа қою сияқты өрескел бұзушылықтарды анықтап жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, рейдтер мен іс-шараларды өткізу қаладағы көліктердің өткізу қабілетіне, жүргізуші тәртібі мен жүргізу мәдениетін арттыруға оң әсерін тигізеді", - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105817-almatyda-koligin-turaqqa-durys-qoimaityndar-zhappai-zhazalanyp-zhatyr-video/