Қазақстаннан Қытайға тікелей пойыз бағыттары қашан ашылады: ҚТЖ өкілдері жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚТЖ-да өткен брифингте "Жолаушылар тасымалы" АҚ басшысы Жәнібек Тайжанов Қазақстаннан Қытайға пойыздар қашан тікелей қатынайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жәнібек Тайжанов қазір Қытайға тікелей пойыз жіберу мәселесі пысықталып жатқанын айтты.
"Жыл басында біз осы сұрақпен Қытай тарабына хабарласқанбыз. Әзірге жауап жоқ. Бұған дейін мұндай мүмкіндік бар екені айтылған. Маусымда Қытай туристік агенттігі Қазақстанға келіп, Сиань – Алматы пойызын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Бұл олар құрған туристік пойыз болады, жолсеріктері мен клиенттер Қытай тарабынан. Іске қосылғаннан кейін біз қазақстандық пойызды іске қосу бойынша келіссөзді жалғастырамыз", - деді ол.
Бұл ретте "Жолаушылар тасымалы" АҚ басшысы пандемияға дейін екі ел арасында Алматы –Үрімші пойызы қатынағанын, ал қазір пойыз тек шекараға дейін жүретінін еске салды.
"Пандемия басталған кезде Қытай тарабы қатынасты толығымен тоқтатты. Бізде халықаралық пойыздар Ресей мен Өзбекстанға жүреді. Осы жылдың аяғында немесе келесі жылдың басында Қарағанды – Мәскеу рейсін жаңғырту туралы келісім бар. Қазір Ресейге Қарағанды – Самара бағытында пойыз қатынайды", - деп түйіндеді сөзін спикер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105883-qazaqstannan-qytaiga-tikelei-poiyz-bagyttary-qashan-ashylady-qtzh-okilderi-zhauap-berdi/