Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ өкілі: Қазақстан Орталық Азиядағы есірткі өндірісінің ошағына айналды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Есірткі
Тәркіленген есірткі. Фото: polisia.kz

Мәжілістегі қоғамдық палатаның отырысында еліміздегі есірткі айналымына қарсы күрес мәселелері талқыланды – Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Орталық Азиядағы есірткі өндіру ошағына айналған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ішкі істер министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, соңғы 4 жылда елімізде "синтетика" айналымы 10 есеге өскен.

"Кейінгі жылдары Қазақстан Орталық Азиядағы есірткі өндірісінің ошағына айналды. Есірткі үшін қатаң жазаға қарамастан, біздің "синтетика" Қырғызстан мен Өзбекстанның "нарықтарын" белсенді түрде толтырып жатыр.

Мұндағы мәселе заңды химикаттар мен құрал-жабдықтарды пайдалану болып отыр. Бұл – заттар, әртүрлі реакторлар, конденсаторлар және буландырғыштар. Алайда олардың заңсыз айналымына нақты жауапкершілік жоқ. Тек прекурсорлардың контрабандасы (өндіріске арналған заттар – ред. ескертпесі) және есірткі зертханаларына арналған жабдықтарды сатуға қылмыстық жазаға қарастырылған", - деді ІІМ басшысының орынбасары Марат Қожаев.

Ол заңда белгіленген жазаның жоқтығынан құқық қорғау органдарына есірткі "қайнатушылардың" тауарды сата бастағанын күтуіне тура келетінін айтты.

"Осыған байланысты бүгін қаралып жатқан заң жобасында прекурсорлар мен аталған құрал-жабдықтардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейту көзделген (...) Түзетулер қабылданған жағдайда, заңсыз есірткі өндіргендер 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына тартылады", - деп мәлімдеді Қожаев.

Еске салайық, наурыздың ортасында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы есірткі өндіру және қолдану мәселесін көтерген болатын.

Сол кезде президент есірткі заттарын өндіргені үшін жауапкершілікті барынша қатаңдатуды ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105988-iim-okili-qazaqstan-ortalyq-aziiadagy-esirtki-ondirisining-oshagyna-ainaldy/