Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Заманбек Нұрқаділов тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

Жарияланған күні:

Заманбек Нұрқаділов тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды
Заманбек Нұрқаділов тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды. Фото: facebook.com/Казбек Бейсебаев

Алматыда бүгін, 23 мамырда саясат және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділов қаланы басқарған кезде тұрған үйіне қойылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бұрынғы дипломат Қазыбек Бейсебаевтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін саясат және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің қаланы басқарған кезінде тұрған үйіндегі ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына қатыстым.

Жолдастары, туған-туыстары, жерлестері жиналды.

Ресми тараптан Алматы қаласы әкімінің орынбасары қатысты", - деп жазды Қазыбек Бейсебаев парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106066-almatyda-zamanbek-nurqadilov-turgan-uige-eskertkish-taqta-qoiyldy/